Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматыда полицейді пышақтап өлтіріп кетті
362
оқылды

Төбелес кезінде пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкері Алматы ауруханаларының бірінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Aykin.kz.

"Қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкері ол сәтте қызметтік міндетте болмаған және жұмыстан тыс уақытта болған", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жарияланбайды.