Бұл шараны "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Сәтбаев университетімен бірлесе ұйымдастырды.
Мамандар мектеп оқушыларына мансап бойынша алғашқы қадам жасауға көмектесуде
Ғылым және жоғары білім министрлігі
566
оқылды

«Жұмысшы мамандықтары жылы» Сәтбаев университетінде талапкерлерге кәсіби бағдар жасауға арналған семинардан басталды, оған Қазақстанның 8 қаласынан келген мектеп оқушылары қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Аna tili" басылымына берген сұхбатында тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістікке жетіп жүргенін айтқан-ды. "Көбі өндірісте және ауыл шаруашылығында табысты еңбек етеді. Бұл ретте мен осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек", - деген Мемлекет басшысы.

Семинарды Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жүргізді.

– Біз жастарға өздерінің және Қазақстанның жарқын болашағын құру үшін қажетті білім беруге терең көңіл бөлеміз», – деп бөлісті өз ойымен Руслан Емелбаев. — Жастардың инновацияға, инженерияға деген қызығушылығы бар екенін көріп отырмыз. Бұл бізді жас таланттардың кәсіби түрде дамуы үшін одан да көп мүмкіндіктер жасауға шабыттандырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазір техникалық салаларға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын барлық гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Семинар Сәтбаев университетінің ғимараттарын аралаудан басталды – мектеп оқушылары еліміздегі алғашқы техникалық университеттің күнделікті тіршілігімен танысты, содан кейін семинарға қатысты. Семинар барысында негізінен алдағы емтиханның форматына, оның өту тәртібіне және ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін қажетті дағдыларға ерекше назар аударылды. Оқушылар оқуға түсу және оның перспективалары туралы, жатақханадан орын алу және Қазақстандағы шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды.

Жұмыскер мамандығын және техникалық мамандықтарды танымал ету бағдарламасы аясында өткен семинар – техникалық салаларды таңдайтын кәсіби мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуде министрлік үшін маңызды қадам.