Ол желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен болатын.
Қостанайда бірнеше апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
313
оқылды

Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, –  деп жазады Aykin.kz.

Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.