Қызметтердің негізгі көлемі бюджет қаражаты есебінен орындалған.
Қазақстан халқы тіс емдетуге 56,3 миллиард теңге жұмсаған
Егемен Қазақстан
711
оқылды

2024 жылдың III тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден аса сомаға қызмет көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті мәлімдеді, – деп жазады Aykin.kz. 

Қызметтердің негізгі көлемі, 5,3 миллиард теңге бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды халықтан түскен қаражат және 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен орындалды.

Өңірлер арасында қызметтің ең көп көлемі Астана мен Алматы қалаларында көрсетілді: әрқайсысында 14 миллиард теңге.

Алғашқы үштікке Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) енді.

Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген: 107 518 мың теңге.