Ол ірі көлемде алаяқтық жасаған.
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
1,086
оқылды

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосібір қаласында 24 жастағы қазақстандық ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.

Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Қазір күдікті қамауда отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.