Самаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург адам жасын ұзартатын өнімдерді атады.
Мамандар қандай өнім адам ағзасын жасартатынын айтты
442
оқылды
Ең алдымен, дәрігер күніне екі-үш шыны көк шай ішуді ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Көк шайда катехин көп, олар аутофагия процесін жеделдетеді. Бұл процесс қартаюды баяулатады және организмнің жасаруына себеп болады», – дейді маман. 

Гинзбургтың сөзінше, адам организмін жасартуға арналған өнімдердің ішінде зәйтүн майы, зығыр тұқымы және балық та бар. Диетолог бұл өнімдерде қанықпаған май қышқылдары көп, олар қабынуға қарсы әсерге ие және тамырларды атеросклероздан қорғайтынын айтады.

Сонымен қатар, маман диетаға ащы шоколадты қосуды ұсынды, себебі оны өндіруде қант алмастырғыш қолданылады. 

«Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін азайту үшін қанттың орнын басқа өніммен алмастыру керек», – дейді дәрігер.