Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған.
Павлодарда пансионат қызметкерлері мүгедек зейнеткерлерді азаптап, қайтыс болғандардың үйін жалға берген
Фото: istockphoto
440
оқылды

Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Павлодар қалалық прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

 Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды,  делінген ақпаратта.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.