Мәжілістегі "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депутаты Гаухар Танашеваның депутаттық өкілетті тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын", – делінген хабарламада.