Қайғылы оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында болған.
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім сотталды
Фото: istockphoto
209
оқылды

Жамбыл облысында кәмелет жасқа толмаған баланы ұрып өлтірген үш жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында болған. Сотталған балалар мектеп әжетханасында 8-сынып оқушыларын жинап, оларды ұрып-соққан. Кеуде тұсынан соққы алған жасөспірімдердің бірі оқиға орнында қаза тапқан.

Сот үш күдіктіге байланысты істі қарап, үкім шығарды. Үш күдіктінің біреуі бұзақылық әрекеті үшін 1 жылға бас бостандығы шектелді. Қалған екі жасөспірім денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, ол адам өліміне алып келгендіктен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тарап сотталған екі жасөспірімнің отбасынан өтемақы талап етіп, олардың біреуі 6 млн, біреуі 5 млн теңге төлеуге міндеттелді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.