Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжілістің жаңа депутаты ант берді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
1,964
оқылды

Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

А.Нұралин Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді.

Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұған дейін Мәжілістегі ҚХП фракциясының мүшесі болған Гаухар Танашеваның депутаттық өкілеттігі тоқтағаны туралы хабарлаған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.