Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, жүк көлігінде улы зат – тетрагидрофуран тиелген жүк көлігі Беларусь Республикасына тиесілі.
– Ыдыстар аударылғанымен, ішіндегі сұйық төгілмеген. ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ мамандар жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті.