Астанада жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру үшін қала колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды.
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
1,284
оқылды

Astana Polytechnic жоғары коллед­жі директорының орынба­сары Майра Сембинаның айтуын­ша, оқу орны елордада «Жұмысшы мамандықтары жылын» жүзеге асыру үшін алты басым бағытты қамтитын 40-тан астам іс-шараны жоспарлап отыр. Олардың ішінде ең маңыздысы – биыл мамыр айында өтетін Polytech Generation 2025 халықаралық фестивалі.

«Бұл жұмысшы мамандықтар­ды танымал етуге және техника­лық мамандықтардың оң имиджін қалыптастыруға арналған бірінші халықаралық фестиваль болмақ. Біз тек Қазақстаннан ғана емес, әлемдік жетекші орта арнаулы оқу орындарынан да политехни­калық колледждер қатысады деп күтіп отырмыз», – деді Майра Сембина.

Жыл басынан бері колледж студенттері келешегі зор жоба­ларды әзірлеуге белсенділік та­ны­тып келеді. Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен Павлодарда өткен хакатонға қатысушылар – Саят Жүнісов, Асанәлі Бабаев және Әділ Ал­тынбек генеративті нейрондық желілерді пайдалана отырып, алаяқ­тық әрекеттерді анықтау жобасын ұсынды. Astana Polytechnic колледжінің студенттері «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасын оң қабылдады.