Желі қолданушылары оның астарлы әзіліне қатысты түрлі болжам жасады.
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
Фото: видеодан кадр
1,122
оқылды

Әзілкеш Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желіде курс сататындарды сынады, – деп жазды Аikyn.kz. 

Оның айтуынша, біреудің өтірігіне сенбей, әркім өз жұмысын атқаруы керек. 

«Көк тиын ақшасы жоқ, не бизнесі жоқ бір аға баюдың жолын үйретемін деп отырады ғой. Негізі бай адам үйретпейді ғой. Үш-төрт рет күйеуге тиіп келген апа бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашытып. Қазақ жалқау халық дейді ғой. Негізі жалқау емеспіз. Сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Сол себепті біреудің өтірігіне сенбей, өз тірлігімізді өзіміз жасап жүрсек, ең бай, ең күшті ұлт боламыз деп ойлаймын», - деді Қанат Әлжаппаров концертте.

Желі қолданушылары оның астарлы әзіліне қатысты түрлі болжам жасады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🌟 ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ 🌟↗ЖАЗЫЛАМЫЗ (@juldyzdar_news)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.