Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағының «қара жәшіктері» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
«ҚР Көлік министрлігінің Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес, барлық факті мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есепті жариялайды. Есепте анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы қамтылған», – деп мәлімдеді министрлік.
Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат ұсынылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.