Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есе ұлғаяды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.
Осылайша, астаналық ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады.
Бұдан бөлек, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға атсалысқандарға 176 940 теңге жеңілдік қарастырылған.
Ал тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.