Қазақстан Ұлттық банкінің 16 қаңтарда бекіткен ресми бағамы бойынша 1 доллар құны – 529,70 теңге, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана мен Алматы қалаларындағы валюта айырбастау орындарында доллар 529-533 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы таңғы саудада долларды сату бағамы – 531 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып жатыр, ал сату бағасы – 548 теңге.
Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,9 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 544,5-550 теңге аралығында құбылып тұр.
Бүгін ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10-5,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.