Белгілі заңгер Айгүл Орынбек умра қажылығын ата-анасымен бірге өтеді.
Тазабек қандай Меккеге барып жүр? Белгілі заңгер Сауд Арабиясын дәріптеп жүрген діншілдерді сынады
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
688
оқылды

Заңгер умра қажылығын өтегенімен қоймай, белгілі айтыскер, теолог Мұхамеджан Тазабекті әбден сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

«Мұхамеджан Тазабек ағамыздың жазбаларын оқып, Сауд Арабиясы артта қалған ел деп ойлайтын едім. Сөйтсем, бұл ел білім мен цифрлы жаһандану арқылы дамуға бар күшін салып жатыр екен.

Ал біздің қазақтар сол елдің жаһандануына өз үлестерін қосып жатыр.

Тазабек қандай Меккеге барып жүргенін қайдам, бірақ мен барған Меккеде әйелдердің құқығы өте жоғары деңгейде екенін байқадым", – дейді заңгер.

Оның жазбасына қарағанда, әсіресе ер азаматтар ақша табуды толық өз жауапкершілігіне алған.

Әйелдер балаларын қалай асыраймын деп бас қатырмайды.

Билік басындағылар қарапайым халықтың жері мен мүлкін мемлекет қажетіне деп тартып алмайды.

Бұл елде бөлісуге тұрарлық пайдалы және қызықты дүниелер өте көп.

"Қаңтар оқиғасы кезінде елден “талақ айтып” кеткен Мұхамеджан ағамыз кезінде билікке осы елдің керемет тәжірибесін неге айтпады деген сұрақ мені мазалады.

Кофе ішіп, әтір сеуіп, қарапайым халыққа тек ақыл айтып қана қоймай, Сауд Арабиясы патшаларының өз халқына қандай жағдай жасап жатқанын насихаттамағаны өкінішті.

...Миы уланған қараңғы әйел топас ұрпақ тәрбиелейді. Ұлтты жойғың келсе, көп нәрсе қажет емес – әйелді білімсіз қылсаң жеткілікті.

Нәтиже: қараңғы ұрпақ!

Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатимаға көрсеткен құрметі мен мәртебесін бұлар білмеді деу мүмкін емес", – деп жазған Айгүл Орынбек.

Ол әр елдің заңын, салт-дәстүрін сыйлап, құрмет көрсету – міндеті екенін алға тартады.

"Бірақ бұл мен орамалға келдім деген сөз емес! Өздеріңше пәтуа шығарып жүрмеңдер.

Ата-анамды Меккеге арқалап емес, ұшақпен алып бардым», – деп жазды заңгер.