Қайғылы оқиғадан соң косметологиялық клиника жұмысын тоқтатты.
Артық салмақтан арылмақ болған әйел косметологиялық клиникада көз жұмды
Фото: SHOT
696
оқылды

Мәскеу қаласындағы косметологиялық емханалардың бірінде артық салмақтан арылмақ болған 40 жастағы әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмның ағзасы медициналық препаратқа жедел аллергиялық реакция берген.

– Косметологиялық процедурадан кейін 40 жастағы Марияға медициналық препарат жедел аллергиялық реакция берген. Бұл бөртпе эпилепсиялық ұстамаға ұласып, жағдай ушығып кеткен, – деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. 

Аллергиядан соң эпилепсиялық ұстамасы ұстаған әйелге екпе еккен маманның 18 жылдық тәжірибесі бары айтылды. Марқұмның денесінің іш жағынан бірнеше инъекция іздері табылған. 

Қайғылы оқиғадан соң косметологиялық клиника жұмысын тоқтатты. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.