Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Сарыөзектегі №12740 әскери бөлімінде болған. 2006 жылы дүниеге келген Дастан Құрманбек есімді сарбаз қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz "Криминалный Қазақстан" телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Марқұм АК-47 қаруынан өзін-өзі атып жіберген. Оқ дәл жүрегіне тиген.
Сарыөзек әскери гарнизонының мәлімдеуінше, сарбаз өткен жылдың қазан айында Түркістан облысынан қызметке шақырылған. Қазір факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі далалық оқу-жаттығу барысында қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан кеуде тұсына оқ тиді. Қылмыстық іс қозғалды. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істей бастады. Себеп-салдары анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.