Дегенмен елімізде мал ұрлығына қатысты қылмыс фактілері көп. Алматы облысының полицейлері прокуратураның үйлестіруімен бірқатар мал ұрлығын жасаған күдікті төрт адамнан тұратын топты құрықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ұсталған барымташылардың жасы 30-дан 35 жасқа дейін.
Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталған. Бірінші жағдайда қаскүнемдер жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап әкеткен, шығын 9 миллион теңге. Екінші жағдайда шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған 5 бас мал ұрланған.
– Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық полиция.
Полиция өңір тұрғындарын өз мүлкін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырады. Мал иелеріне осындай оқиғалардың қаупін азайту үшін күшейтілген күзет ұйымдастыруға, бейнебақылау орнатуға немесе шопандардың қызметтерін пайдалануға кеңес беріледі.