Жолды 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
734
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«2025 жылғы 17 қаңтар сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды 18 қаңтарда сағат 05:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.