Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Отандық өндірісті дамытуға бағытталады
506
оқылды

Бірінші оқылымда Мәжіліс тауар­лардың шығарылған елін айқындау  мәселелері бойынша заң жобасын тал­қылайды. Бұл заң жобасы Қазақ­стан Республикасы­ның Пре­зидентінің 2023 жылғы 1 қыр­күйектегі Жолдауында айтыл­ған тапсыр­маларын іске асыру мақ­сатымен дайын­далған. Заң жобасы отандық өндірісті дамыту, импорт­тық жет­кізілімдерге тәуелділікті азайту және жаңа өндірістерді локализациялау үшін ұсынылып отыр. Осы мақсатта «СТ-КZ» ныса­нын­дағы қолданыстағы сертификат­тар мен индус­триалды сертификатты ауыстыратын Қазақ­станнан шық­қан тауарлардың реес­трін құру ұсы­нылады.

Екінші оқылымда депутаттар ре­зервтегі қызмет мәселелері бо­йын­ша заң жобасын талқылайды. Заң жоба­сымен жаңа әскери қызмет түрі – резервтегі қызмет енгізіледі. Бұл келісімшарт негізінде тұрғы­лықты жері бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады және әскери дайындықты арттыру үшін резервтік күштерді құруды мақсат етеді.

Сонымен қатар депутаттар Түр­кия Респуб­ликасымен өсімдіктер каран­тині және оларды қорғау сала­сындағы ынтымақтастық тура­лы келісімді ратификациялау жө­нін­дегі заң жобасын қарайды. Мә­жіліс кәсіби парасаттылыққа тес­­­ті­­леу тура­лы, экологиялық мәсе­лелер бо­йынша және бірқатар ха­лықаралық келісім­дер бойынша ұсы­­нылған заң жоба­ларын жұмысқа алу­ды жос­пар­лап отыр.