«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы 2024 жылы атқа­рыл­ған жұмыстарын қоры­тындылаған брифинг өткізді. Брифингте облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Сыр өңірінде өткен жыл өрне­гінде жүргізілген өркенді істер барысын баяндап, ал­дағы міндеттермен бөлісті.
Сыр өңірінде серпін бар
689
оқылды

Жалпы, жетекші партияның об­лыстық филиалы тарапынан жыл беде­рінде атқарылған жұмыстары ауқымды­лығымен көз қуантады. Әрдайым пар­тия есепті мерзімде Мемлекет бас­шысының барлық бастамалары мен саяси реформаларын толық қолдау бағытында оңды істерді жүзеге асырып келеді.

Атап айтқанда, 2024 жылы өткізілген жалпыхалықтық референдумда облыс тұрғындары белсенді азаматтық пози­ция­сын көрсетіп, саяси науқанға ұйым­шылдықпен дауыс берді. Республика бойынша алдыңғы қатардан көрінді. 

«Есепті мерзімде өткізілген тағы бір маңызды шара – 38 ауылда әкімдер сайлауы ұйымдастырылды. Саяси науқанда «AMANAT» партиясынан ұсынылған 37 үміткер жеңіске жетті. Сонымен бірге қызмет ауыстырған Шиелі ауданы әкімі лауазымына партия атынан ұсынылған кандидат Айтбай Насриддинұлы Жандарбеков халықтың толық қолдауымен аудан әкімі болып сайланды. Сонымен қатар 31 наурызда шығып қалған депутаттың орнына бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайлау өтіп, облыстық және Арал мен Жаңақорған аудандық мәслихаттарына, 8 желтоқсанда қалалық, Шиелі, Сыр­дария, Қармақшы аудандық мәсли­хаттарына партиямыздың мүшелері депутат болып сайланды. Бұл партияның нағыз көшбасшы ұйымға айналғанын дәлелдейді. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы облыстағы партияның 1 ай­мақтық, 9 аумақтық филиалдары жанын­дағы 206 бастауыш ұйымына топ­тасқан 46 мыңнан астам партия мү­шесі мен мәслихаттардағы 152 ман­даттың 124-ін иеленіп отырған фракция мүшелерінің және мыңдаған жақтас­тарының тікелей қатысуымен жүргі­зілген жұмыстардың жемісі деп білеміз», – дейді облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов. 

Өңірде партияның сайлауалды бағ­дарламасы аясында атқарылған жұмыс­тар да сан алуан. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жыл­дарға жоспарланған «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдар­ламасын барлық өңірлерде нақты жүзеге асыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленгені белгілі. Нәтижесінде, был­тыр облыста сайлауалды бағдарлама 91,4 пайызға орындалып, Жол картада қам­тылған 116 іс-шараның 106-сы жүзеге асырылған. 

Соның ішінде бағдарлама шеңбе­рінде өңірде 15 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізіліп, ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету дең­гейі 78 пайызға жетіп отыр.

Сол сияқты бюджеттен бөлінген қаржыға 904 пәтерді құрайтын 16 кре­диттік тұрғын үйдің құрылысы жүр­гізілген. Оның ішінде Қызылорда қала­сы Сырдария өзенінің сол жағалауында 7-қабатты 84-пәтерлі 6 тұрғын үй пай­далануға берілгенін ерекше атап өткен абзал.

Қай кезде де өңірде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі өзектілігін жоймақ емес. Бұл тұрғыда былтырдың өзінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 1 944 пәтер сатып алыныпты. Бұған қоса, Қызыл­орда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 123 пәтер тапсырылған. Нәтижесінде, аза­маттарға 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Өңірде барлық салалар бойынша партия тарапынан атқарылған жұмыстар ауқымды. Атап айтқанда, спорт саласы бойынша 4 нысан пайдалануға берілсе, білім саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілді. Денсау­лық сақтау саласы бойынша да бірқатар нысандар пайдалануға берілсе, соның ішінде Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсекорынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табыс етілді. 

«Жалпы, 2024 жылы аймақтық және аумақтық филиалдар бойынша Партия­лық бақылау комиссияларымен 117 отырыс ұйымдастырылды. Комиссия отырыстары мен мониторинг жұмыс­тары барысында 543 ұсыныс әзірленіп, оның 398-і орындалды. Қалған ұсы­ныстар бойынша жұмыс істеліп жатыр. Апта сайын партиялық бақылау комис­сияларымен сайлауалды бағдар­лама негізінде Жол картасында көрсе­тілген құрылыс нысандарына рейдтік іс-шара­лар ұйымдастырылып, 76 нысанға пар­тиялық бақылау бекеттері орнатылды. Бүгінге дейін осы 76 нысанның 60-ы пайдалануға берілді. Партия филиал­дары жанынан құрылған түрлі бағыттағы Кеңестер – Сайлауалды уәделердің уақытылы іске асырылуына үлкен үлес қосып келеді. Есепті кезеңде Кеңес­тердің 155 отырысы өткізілсе, онда 302 мәселе қаралып, 783 ұсыныстар көте­рілді. Жалпы, барлық Кеңестердің жұ­мысы партияның сайлауалды уәде­лерінің орындалуына жүйелі бақылау мен бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз етуде. Сонымен бірге кеңес­тер түрлі мәселелер бойынша нақ­ты практикалық шешімдерді әзірлейтін диалог алаңдарына айналды», – дейді Алмасбек Әбілқасымұлы. 

Бүгінде партия филиалдарында Қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрақты қызмет жасауда. Соның негізінде Ашық есік күндері мен «Құқықтық көмек», «Ха­лыққа көмек» партия жобалары ая­сында тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, тұрғындарға тиісті кеңестер мен көмектер көрсетілуде. Бір ғана «Құ­қықтық көмек» жобасымен өткен 123 қабылдауда 363 тұрғын қамтылды. Соны­мен қатар 51 адамға көмек көрсе­тіліп, 37-сіне құқықтық сүйемелдеу жүр­гізілген. 

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша былтыр облысқа республикалық бюджет есебінен 2,5 млрд теңге бөлініп, 150 жоба қаржыландырылды. Қазір қосым­ша бөлінген 1,5 млрд теңге игерілуде екен. Биылға облысқа «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5,5 млрд теңге қаржы қаралып, 815 жобаны қаржыландыру жоспар­ланып, 886 жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Сол сияқты «Жер аманаты» жобасы бойынша 2024 жылы жалпы көлемі 77,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Жалпы, «AMANAT» партиясының ықпалымен жүргізіліп жатқан 11 жоба­ның әрбірі Сыр өңірінде жоғары маңыз­ға ие. Нақты айтқанда, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Ба­қытты отбасы», «Ұлттық мұра», «Кітап–AMANAT» жобаларының ықпалы зор. Былтырғы жылдың өзінде осы жобалар аясында 2 мыңнан аса іс-шара өткізіліп, оларда 38 754 адам қам­тылды. 

Филиал төрағасының айтуынша, партияның бастамасымен жүзеге асқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында был­тыр 11 мың азаматты оқыту жоспар­ланып, өңірде 11 210 азамат тегін қаржы­лық сауаттылығын арттыру курсынан өткен. Биыл 90 күннен астам берешегі бар 9 500 азаматты оқыту жоспарланып отыр.

Партияның аймақтық филиалы жанынан құрылған облыстық «Әйелдер қанаты» мен «Жастар рухы» Жастар қанатының атқарған жұмыстары да жоғары бағаға лайық. 

Жалпы, өткен жыл облыстық пар­тия филиалы үшін табысты қорытынды­ланып отыр. Брифингте филиалы төра­ғасы алдағы жыл еншісіндегі маңызды міндеттердің ауқымдылығына тоқталып, жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы