Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Семейде 7-8-сыныпта оқитын қыздар қатарласын жабылып ұрып, видеоға түсірген
912
оқылды

Семейде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты тексеріс басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаладағы базар маңында жиналып, төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Көпшіліктің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде таралды. 7-8-сыныптың қыздары топ болып жиналып, қатарластарын күшпен итеріп жібереді. Сосын жерге оңбай құлаған қызды мазақ қылады. Ары қарай екі оқушы сырт киімдерін шешіп, төбелесіп жатқанын көруге болады. Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.

Қалалық білім бөлімінің басшылығы қыздар арасындағы төбелес сабақтан тыс уақытта болғанын айтады. Оған қатысқан оқушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.  

“Семей қаласының "Жансая" базары маңында екі мектептің 7-8-сынып қыздары арасында болған жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желіде шықты. Бұл оқиға сабақтан тыс уақытта болды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысушылар мен олардың заңды өкілері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері тиісті құқық қорғау органдарына түсініктеме берді. Видеоны әлеуметтік желіде жариялаған оқушының заңды өкілдеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес айыппұл салды”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің міндетін атқарушысы Макия Әмірханова.