Бала ауыр халде аудандық ауруханаға жатқызылды.
Шымкентте 3 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
295
оқылды

Оқиға 16 қаңтар күні Шымкенттегі Асар шағынауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала көпқабат үйдің терезесінен құлап кеткен.

"Үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала №13 үйдің бесінші қабатындағы №14 пәтердің терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол терезенің жанында ойнап жүрген", – делінген хабарламада.