Алматыда мәйіттерді қорлады деп айыпталған мәйітхана күзетшісі Александр Беляевке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жабық сот отырысында мәйіттерді қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға қатысты іс қаралды.
"Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс емес жағдайда болды және созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деген қорытындыға келді", – делінген хабарламада.
Сот қаулысымен сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.