Пәтерде жиһаз бен үй заттары жанды.
Алматыда он қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды
ТЖМ
746
оқылды

Алматыда он қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды,  – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Түрксіб ауданының Қайрат ықшамауданында орналасқан он қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында орналасқан пәтерде жиһаз бен үй заттары жанды.

ТЖМ қызметкерлері көмегімен үйдің 14 тұрғыны эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз