Өзбекстан президенті тиісті заңға қол қойды.
Жабайы жануар асырайтындарға қатысты жаза енгізілді
istockphoto.com
1,065
оқылды

Өзбекстанда жабайы жануар асырайтындарға қатысты жаза енгізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Kazinform агенттігі тілшісінің мәліметінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тиісті заңға қол қойды.

Өзгеріске сай, жеке тұлғалардың жабайы жануарды өзінің тіршілік ету ортасынан тыс жерде қамап ұстауына немесе асырауына жол берілмейді. Бұл талапты елемегендер 5-10 базалық есептік шама (90 доллардан 290 долларға дейін) көлемінде айыппұл арқалайды.

Егер заңсыз ұстап отырған жабайы жануар өзгенің денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірсе, онда айыппұл мөлшері 50 базалық есептік шамаға (1440 долларға) дейін артады.

Сонымен қатар қаңғыбас жануарларды аулау міндетін орындамаған жауапты шенеуліктерге де жаза қолданылады. Жұмысына немқұрайлы қарап, салдарынан адам денсаулығына немесе мүлкіне залал келсе, онда лауазымды тұлғаларға 30 базалық есептік шама (870 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз