Алматы облысында Жамбыл ауданының полицейлері бірқатар мал ұрлығын жасаған күдікті төрт адамнан тұратын топты ұстады, - деп хабарлайды Аikyn.kz
Ұсталғандардың жасы 30-дан 35 жасқа дейін. Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды.
Алғашқы эпизод бойынша күдіктілер жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап, шығын көлемі 9 миллион теңгені құраған. Екінші эпизодта басқа бір шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған 5 бас мал ұрланды.
Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде, – деп жазылған полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз