ХАМАС-пен келісімді қабылдамайтынын жеткізді.
Израильдің үш министрі Хамаспен бітімге келгеннен кейін отставкаға кетті
Ашық дереккөз
649
оқылды

Израиль үкіметінің үш министрі отставкаға кетті, - деп хабарлайды  Аikyn.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

Оң бағыттағы "Otzma Yehudit" (Еврей күші) партиясы Израильдің Хамаспен бітімге келгеніне наразылық білдіріп, оның құрамында үш министр отставкаға кеткенін жариялады.

Оның ішіндегі Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды айыптап,  ХАМАС-пен келісімді қабылдамайтынын жеткізді.

Ұлттық қауіпсіздік министрінен басқа оның партияластары, елдің Мұраны сақтау жөніндегі министрі Амихаи Элияху мен Ұлттық тұрақтылық министрі Ицхак Вассерлауф та отставкаға кетті.

«Otzma Yehudit» партиясының өзі де басқарушы коалициядан шықты. Партия ХАМАС тобына қарсы әскери операциялар қайта жанданса, қайтып оралуға дайын екендіктерін мәлімдеді.