АҚШ-та ТикТоктың 170 миллионнан астам қолданушысы бар.
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Фото: Shutterstock
491
оқылды

АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды. Жергілікті биліктің тыйым салуына байланысты, платформа ашылмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Заң шығарушылардың пікірінше, бұл қосымша АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Себебі ол америкалық пайдаланушылардың деректерін Қытайдың арнайы қызметтеріне беруі мүмкін.

TikTok-тың болашағы туралы соңғы шешімді АҚШ-тың жаңа әкімшілігі қабылдайды. Сайланған президент Дональд Трамп әлеуметтік желінің жұмысын сақтап қалғысы келеді.

Жалпы АҚШ-та ТикТоктың 170 миллионнан астам қолданушысы бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.