Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен.
Алматыда заңсыз салынған тағы бір тұрғын үй бұзылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
416
оқылды

Алматыда Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй бұзылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. 

Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

– Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды.

Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр, – делінген хабарламада.