Ұлттық госпитальдің нейрохирургтары ер адамға сөйлеу қабілетін қайтарды, - деп хабарлайды Аikyn.kz ҚР Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Госпитальдің нейрохирургия бөлімшесіне зейнеткер жүгінген. Ол кенеттен сөйлеу қабілетінен айырылып, бір айдан кейін аяқ-қолдары әлсіреген. МРТ бақылаудан кейін дәрігерлер пациентте сөйлеуге жауап беретін Броктың аймағын қысатын үлкен ми ісігін тапқан.
Емдеу екі кезеңде жүргізілді. Алдымен, ота кезінде қан жоғалтуды азайту үшін ісіктің қоректендіру тамырларын жаптық. Содан кейін өсіндіні алып тастадық. Операция сәтті өтті және келесі күні науқастың сөйлеу қабілеті оралды, - дейді нейрохирург Абзал Жұмабеков.
Дәрігердің айтуынша, науқас операциядан кейін тым белсенді сөйлеген. Операцияның нюансы осындай екен. Қысылғаннан кейін қарапайым тілмен айтқанда «тілді қадағалайтын» префронтальды қабық сөздердің, шешімдердің және реакциялардың ойлануын бақылайды. Қалыпты жағдайға келмей тұрып, ер адам ойына келгеннің бәрін айта берген. Бірақ бұл тез қалпына келіп, қазір зейнеткер қалыпты өміріне оралған.