21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік өңірлерде қатты қар жауса, Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, жел 15-28 м/с күшейеді.
Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с дауылды жел күтіледі. Алайда, суық антициклон жылы және ылғалды циклонға ауысады, осыған байланысты бүкіл ел бойынша температураның күрт төмендеуі, солтүстік жартысында 25-35 аязға дейін, оңтүстігінде 15-25 аязға дейін болуы күтіледі. Көктайғақтың алдын алып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.