Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады.
Президент жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады
392
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады.

– «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-тол­­ғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазу­шылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құнды­лық­тарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарым­ды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.