Тасқын қаупі тағы тумасын

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев салаға жауапты мамандарды жинап, кеңейтілген кеңес өткізді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы су тасқыны кезеңі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті. 

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық жұмыстары жаз айын­да басталған болатын. Себебі 2024 жылдың көктемі Батыс жұрты үшін ауыр бол­ды. Қаншама үй, саяжай бірлестіктері су­ға кетіп, халықты біраз әбігерге салған бо­латын. Мұндай жағдай қайталанбас үшін жергілікті билік 2025 жылдың көк­те­міне дайындықты ерте бастады. Ол үшін суға кетеді-ау деген қауіпті аумақтар анық­талып, су тасқынының алдын алу­дың Жол картасы жасақталды.  

Батыс тағы суға кете ме? Қазір елдің кө­кейінде осы сұрақ. Сұрамағанда қайт­сін, 2024 жылдың көктемінде суға кетіп, дү­ние-мүлкі бүлініп, үйсіз-күйсіз эва­пункт­ті жарты жылға дейін паналағанын жер­гілікті халық әлі ұмыта қойған жоқ. 2024 жылдың көктемінде облыс бойын­ша 5 927 үйге су кірді. Өңірде табиғи си­пат­тағы төтенше жағдай жаряланды. Жа­рамсыз деп танылған 2 828 үйдің ор­нына 889 жаңа тұрғын үй салынды және 1 939 тұрғын үй сатып алынды.

«Су тасқынының салдарын жою жұ­мыстары 2024 жылы ойдағыдай аяқтал­ды», – деп есеп берді облыс әкімдігі сол кезде. 

Бірақ әне-міне дегенше 2025-тің көк­те­мінің басы қылқиып тұр. Қазгидро­мет­тің болжамы да көңілді күпті етіп отыр­ғаны бар. 

– Биылғы қаңтар айында өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда бір­дей мөлшерде жауын-шашын жауды. Осы­ның нәтижесінде Тасқала, Сырым, Бөр­лі, Теректі, Бәйтерек және Орал қа­ла­сында жердің бетінде 2 см қалыңдықта мұз жабындысы пайда болды. Ауа райы күрт жылынып, жаңбыр мол жауатын бол­са, наурыз айында бұл мұз жабын­ды­сы су тасқынына әкелуі мүмкін. Қазір біз қыс мезгілінің дәл ортасындамыз, ал­­­­дағы ақпан және наурыз айларында түсетін жауын-шашынның, топырақтың бе­тінде қалыптасқан мұз жамылғысын жә­не күзгі топырақтың ылғалдануын ес­кере отырып, Орал қаласы, Тасқала, Бәй­терек, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау, Қа­ратөбе, Сырым, Қазталов және Ақ­жайық аудандарын су басу қаупі жоғары ау­маққа жатқызамыз. Аталған аудандар көк­темгі су тасқыны кезеңіне дайын­дық­­ты күшейту қажет, – деді «Қазгид­ро­мет» РМК БҚО филиалы директоры Тілеген Шапанов кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде. 

БҚО-дағы ең ірі өзен – Жайық өзені. Об­лыста Жайық өзенінің арнасында ор­наласқан саяжайлар мен жағасында ор­наласқан ауылдар өте көп. Одан бө­лек, қаланың дәл іргесінде Деркөл, Ша­ған өзендері айналып жатыр.

Қазір Жайық өзенінің бойы бекітіліп, су басу қаупі бар аумақтарға 102  шақы­рым­ды құрайтын 54 қорғаныс бөгеттері тұрғызылған. Жаман айтпай жақсы жоқ, су тасқыны бола қалған жағдайда ха­лық­ты орналастыратын 219 орын әзірленіп қой­ған. «Ол жерге шамамен 47 мың адам­ды орналастыра аламыз» деп отыр ма­мандар. Ал жан-жануарларды судан қор­ғау үшін 200-ге жуық орын дайын тұр. БҚО-да қазір су басу қаупі бар де­лін­ген 186 елді мекеннің тізімі жасақ­тал­ған. 

«Төтеншеліктер қазір осы маңдағы ел­ді мекендерді ерекше бақылауда ұстап отыр», – деп атап өтті БҚО ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев. 

Биыл БҚО-да «БатысИрригация» де­ген жаңа мекеме ашылды.  Бұл – көк­тем­гі су тасқынына дайындық жұмыс­та­­­­­рына қарсы шара атқаруы тиіс бірден-бір орган. Себебі осы мекеме аймақтағы бө­геттер мен қорғандарды түгендеумен ай­налысады. Бір өкініштісі, облыста бө­геттер мен су қоймалары мүлдем қа­рау­сыз қалған. Бұл туралы мамандар өз­дері бірнеше рет айтты. Тіпті, кейбір бө­геттер ешбір мекеменің баланыснда жоқ, иесі болмағасын оны ешкім күтіп ұс­тамаған да. Соның кесірінен 2024 көк­темінде су бәрін шәйіп кеткен. Енді осын­дай олқылық болмас үшін жоға­ры­дағы мекемені құрып отыр. 

– Әбден тозған гидротехникалық ны­сандарды жөндеу, иесіз қалған­да­ры­ның құжатын жасау мәселесі өткір тұр. Олқылықты жою үшін өңірде жаңа кә­сіп­орын құрылды. Президент тапсырма­сы бойынша біздің облыста «Батыс Ир­ригация» мекемесі құрылды. Қазір он­да 19 адам жұмысқа қабылданды. «Ба­тыс Ир­ригацияның» теңгеріміне гид­ро­тех­ни­калық құрылымдар беріліп жатыр, – деп атап өтті БҚО Табиғи ресурстар және та­биғат пайдалануды реттеу басқарма­сы­ның басшысы Марат Молдашев.  

Жоғарыда атап өткендей, тәуелсіздік ал­ғалы өңірдегі бөгеттер мен су қой­ма­ларының жай-күйіне ешкім бас қатыр­м­а­ған. Соның салдарынан олар әбден то­зып, су ұстамайтын халде, тіпті кейбірі жер­мен-жексен болып тып-типыл бол­ған. Енді былтырғы су тасқынынан са­бақ алған өңір атқамінерлері аймақтағы гидронысандарды түгендеп, жөндейтінін жөндеп, қайта салатынын қайта салып жа­тыр. Мәселен, БҚО бойынша 50 гид­ро­нысан бар екен. Мұның ішінде 39 су қоймасы бар. Биыл Президент тап­сыр­масына сәйкес өңірдегі гидронысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. 

– Қазіргі уақытта 11 су қоймасын ре­­­констуркциялау үшін жобалық-сме­талық құжаттары әзірленіп жатыр. 2024 жылы Ақжайық ауданы Солянка өзе­нін­дегі Ақжайық су қоймасын және Бө­кейор­дасы ауданындағы Мұратсай су қой­масын реконструкциялауға құжаттар әзір­леу басталды. Жалпы құны 431,722 млн теңгеге Теректі ауданындағы 9 су қой­­­­масын реконструкциялауға жоба­лық-сметалық құжаттама дайындалуда. 2024 жылы «Демеу Қазақстан коры» корпоративтік қоры есебінен 2,9 млрд тең­ге сомасына 19 қорғаныс бөгеті қал­пы­на келтірілді, – дейді Марат Мол­дашев.

Өкінішке қарай, өңірдегі су қой­ма­лары мен бөгеттердің жағдайы мүшкіл. Ма­мандар 20 гидронысан қанағаттанар­лық­сыз жағдайда деп отыр. 

– Мәселен, Ұзынкөл, Жана өмір, Ке­мер, басқа да қанағаттанарлықсыз жағ­дайдағы бөгеттер 2025 жылы қатты су келсе бұзылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ Жайық өзені бойынша жағалауды шайып кету қаупі бар, жағалауды ны­ғай­ту жобаларын іске асыруға қаражат бөлу қа­жет, – деп қорытындылады М.Мол­дашев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі На­риман Төреғалиев су қоймалары мен то­ғандардың жағдайын бақылау, тасқын су­ды өткізуді қамтамасыз ететін арна­лар­ды, каналдарды, арықтарды тазалау­ды, сонымен қатар су тасқынын жоюға ар­налған күш пен құралдардың, қор­ға­ныс бөгеттерінің дайындығын қам­та­ма­сыз етуді тапсырды.

 «Көктемге барынша дайын болуы­мыз керек. Су тасқынының алдын алу ша­раларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қа­ла, аудан әкімдері және тиісті меке­ме­лердің осы жұмыстарды күшейтуін тап­сырамын», – деді облыс әкімі Нари­ман Төреғалиев. 

БҚО-дағы су тасқыны қаупі туралы ал­ғашқы ақпаратты Қазгидромет өкіл­дері ақпан айының басында береді. Қазір ма­мандар Ресейдегі әріптестерімен ты­ғыз байланыста отырғандарын айтады.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы