Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Бұдан былай еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды нұсқада беріледі
Ашық дереккөз
128
оқылды

Қазақстанда енді еңбекке жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы электронды форматта берілетін болады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің "Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізеді. Мемлекеттік қызметті тек электронды форматта алуға болады", – делінген министрлік құжатында.

Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша үздік 10 елдің қатарына енді

Ақпаратқа сәйкес, министрлік қағаз түріндегі құжаттарды оңтайландыру және пайдалануды азайту мақсатында еңбекке жарамсыздық парақтары мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын электронды форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қазір "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" қызметі электронды түрде де, қағаз түрінде де көрсетіледі. 

Құжат 2025 жылдың 3 ақпанына дейін қоғамдық талқылауда болады.