"Қазгидромет" синоптиктері 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін арктикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ел аумағында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде қар жауады.
Сондай-ақ ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қалың қар жауады.