Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалды дейді.
Ақтөбеде кепілде болып, ауыр жарақат алған әйел ауруханадан шықты
535
оқылды

Ақтөбеде бірнеше адамды кепілге алған қанды оқиғада зардап шеккен әйел ауруханадан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалды дейді.

Күдікті 40 жастағы әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, оны әке-шешесімен бірге соққыға жыққан еді. Ауыр жарақат салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза болды. Ал 3 сағат бойы тұтқында болған әйел ауруханаға түсті.

Кепілдегі жандарды құтқару операциясы нәтижесінде күдікті ұсталып, артынша сот оны 2 айға қамау туралы қаулы шығарды. Қазір «Адам өлтіру» және «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

– Науқастың жағдайы түзелді. Жарасы жазылып, тігістерін алдық. Туыстары келіп, алып кетті. Енді ол емханадағы дәрігерлердің бақылауында болады, – деді облыстық көпсалалы аурухананың дәрігері Оксана Оноприяк. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.