Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер», – деген.
Мүфтият суретшілерге тірі жанның суретін салуға тыйым салды
istockphoto.com
322
оқылды

ҚМДБ ғұламалар кеңесі сурет салуға қатысты пәтуа шығарды. Ғұламардың берген пәтуасына сәйкес, сурет салудың екі түрлі үкімі бар: 

Жансыз заттардың суретін салу

Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгеніне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеленгін», – делінген.

Тірі жанның суретін салу

Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер», – деген.

«Осы ретте заманымыздың ғалымдары ойыншыққа салыстыра отырып, білім беру мақсатында жаны бар нәрсенің суретін салуға рұқсат берген. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар, пайдалы, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мультфильмдерді шығаруға да рұқсат етіледі», – делінген пәтуада.

Шешім:

Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.

Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ.

Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.

Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.