Гастроэнтеролог дәрігер Әлия Усеева ұйықтар алдында майлы тамақ жемеуге кеңес берді.
Ұйықтар алдындағы ең зиян әдетті білесіз бе?
Ашық дереккөз
304
оқылды

Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу қыжыл және асқазанда ауыртпалық тудырады, деп жазады Aikyn.kz.

"Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу әдеті - жай ғана жағымсыз әрекет емес, ол денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол асқазан, ұйқы безі және бауыр ауруларының дамуына ықпал етеді, ұйқыны бұзады және артық салмақ қосып алуға себепші болады", - деп келтірді Усееваның сөзін Рassion.

Маман ұйықтауға үш-төрт сағат қалғанда кешкі ас ішуге, соның ішінде көкөністер, балық немесе буға (немесе суға) пісірілген тауық жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол порция мөлшерін бақылау және көп тамақ жеп қоймау керегін айтты.