Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
316
оқылды

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және  өзінің атынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.