Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде өрт болды.
Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, бес адам қаза тапты
Фото: istockphoto.com
391
оқылды

Оқиға орнына келген ТЖД күштері мен өрт сөндіру бекеті 104 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толықтай  сөндірген,  деп хабарлайды Аikyn.kz

Түнде «112» пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

  Өрт сөндірушілер келген кезде үйді жалын шарпыды. Соның салдарынан шатыр мен төбе құлаған.

 Өрт орнынан екі ересек адам мен үш баланың мәйіті табылды, олардың жеке басы анықталуда.

  Жедел жеткен құтқарушылар өртті оқшаулады. Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық көмек тобы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына жедел психологиялық көмек көрсетті.

  СҚО ТЖД басшысы оқиға орнында. Сондай-ақ тергеушілер мен ТЖД-ның зерттеу сынақтық өрт зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталуда. Бүған дейін өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс аясында аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлері 2024 жылғы 5 қазанда ауылдың тұрғын секторын аралаған.