24 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы.
Доллар қайта қымбаттады: 24 қаңтардағы валюта бағамы
Фото: kapital.kz
3,495
оқылды

Ұлттық банк 24 қаңтарға арналған ресми валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар құны – 522,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Ал еуро – 543,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада долларды сату бағамы – 523 теңге, сатып алу құны – 526 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынуда.

Ал Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 525,5 теңге. Еуро 542-547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ресей валютасы 5,17-5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.