Астананың көшбасшы әйел­дері «AMANAT» партиясының қа­тарына қо­сыл­ды. Елордадағы «Е.Рахмадиев атындағы фи­лар­мония» бастауыш партия ұйы­­мы­ның алаңында мәдениет, спорт, биз­нес, денсаулық сақтау, білім беру жә­не басқа да салалардың бел­сенді 18 өкілі партия мүше­лігі­не қабылданды.
Партиялық билет табысталды
162
оқылды

Партиялық билеттерді табыс­тау рәсімінде «AMANAT» пар­тия­сы­ның Хатшысы, Әйелдер қана­ты­ның төрайымы Шолпан Ка­ри­­нова партия ең алдымен құн­дылықтары мен мақсаттары ортақ жандардың ұйымы екенін атап өтті.  

«AMANAT» партиясы – елдің не­гізгі саяси күші әрі Мемлекет бас­шысының басты қоғамдық тіре­гі. Партия мүшелерінің басым көп­шілігі – әйелдер екені айрық­ша маңызға ие. Олардың үлесі ша­мамен 66%-ды құрайды. Сон­дық­тан әйелдердің қоғам өмірінде жә­не елдің жан-жақты дамуы жо­лында шешуші рөл атқара­ты­нын сеніммен айта аламыз. Біз әйелдердің қоғамдық-саяси өмір­ге белсенді қатысуы, әйелдер кә­сіп­керлігін қолдау, сондай-ақ ген­дерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс істеп ке­леміз», – деді ол.  

Партия Хатшысы жаңа мү­ше­лер­дің «AMANAT» партиясының сай­лауалды бағдарламасын сапа­лы жүзеге асыруға, сондай-ақ сай­лаушылардың сенім деңгейін арт­тыруға өз үлестерін қосып, тың идеялар енгізуіне барлық мүм­кін­діктері бар екенін де атап өтті.  

Партия қатарына қабыл­дан­ған­дардың арасында белгілі па­распортшы Айсұлу Сүлейменова, Қа­зақстандағы әйелдер кәсіп­кер­лігі мен гендерлік теңдікті дамыту коа­лициясының мүшесі Сания Ир­салиева, «Отбасы банк» АҚ Аста­на қалалық филиалының директоры Жанар Ізімбетова және тағы басқалар бар.  

«Бүгін партия қатарының то­лықтырылуы – жай ғана ресми рәсім емес. Бұл – елорданың бел­сен­ді және мақсатшыл әйелдері­нің қоғамымыздың дамуына жауап­­кершілік алуға дайын екен­дігінің айқын көрінісі. Олардың кәсіби тәжірибесі, энергиясы мен тың идеялары партия мақсаттарын жүзеге асыру мен азаматтардың бізге деген сенімін арттыру жо­лын­да қуатты серпін беретініне се­німдіміз», – деді «AMANAT» пар­тиясы елордалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Ә.САМАТҰЛЫ