Қуаты жойқын «Эовин» дауылы Ұлыбританияға жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Елдің метеорология қызметі «бұл кейінгі 10 жылдағы ең күшті дауыл» деп бағалаған. Сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Алғашқы соққыны Шотландия мен Солтүстік Ирландия қабылдады. Ол жақтардағы желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Өкінішке қарай, 1 адам опат болды.
Мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылып, қоғамдық көлік тоқтады. Жарты миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Су беру жүйесі де қиындады.
Синоптиктер қолайсыз күн райы әлі 1 апта бойы сақталатынын ескертіп, жолға шықпауға кеңес берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз