Лондонда тараптар өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.
Ұлыбританияның жетекші университеттері  Қазақстанда оқу кампусын ашуға ниетті
istockphoto.com
1,126
оқылды

Британиялық Белфаст Корольдік университеті Қазақстанда филиал ашып, ғылыми-зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатқалы отыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz  24.kz арнасына сілтеме жасап

Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беру технологиялары саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Лондонда тараптар өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды.

Солтүстік Ирландияда орналасқан Белфаст Корольдік университеті Қазақстанда оқу кампусын ашуға ниетті. 180 жылдық тарихы бар озық оқу орны инженерлік-физикалық, медициналық және гуманитарлық мамандықтар бойынша білім береді. Енді отандастарымыздың алысқа ат арылтпай-ақ, Алматыда оқуына мүмкіндігі болады. Белфаст жоғары оқу орны Нархоз университетімен келісімге қол қойды.

Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Англиядағы Эксетер және  Шотландиядағы Глазго университеттерімен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Тараптар әсіресе жобаларды басқару, машина жасау және мұнай инжинирингі бойынша мамандар дайындауды жоспарлап отыр.