Атыраудағы Авангард ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрттен 13 адам құтқарылды.
– Жедел келген өрт сөндірушілер 9 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 13 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.