ТЖМ өкілдері мұз үстіне шықпауды ескертеді.
Ертіс өзенінде суретке түспек болған әйел мұз астына түсіп кетті
Фото: istockphoto
1,136
оқылды

Павлодар қаласының орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі мұз ойылып, әйел адам суға түсіп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Белгілі болғандай, ол суретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ жұқалтаң мұз жарылып, әйел су астына түсіп кеткен.

– Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!, – делінген ТЖМ хабарламасында.