Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz мәліметінше, күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған.
– Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма-қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған, – делінген ақпаратта.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.